1 қыркүйек – Білім күні!!!
01.09.2023ж.
1 қыркүйек барша оқушылар мен ұстаздар, ата-аналар үшін ерекше күн екенін білеміз. Бұл күн – Сіз бен Біздің асыға күткен жаңа оқу жылының басталу күні! Осы білім күніне арналған “МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ” тақырыбындағы салтанатты шара бүгін мектеп ауласында ерекше көңіл күймен аталып өтті.
Шараға 1-11 класс оқушылары мен ата – аналар қатысты. Шара барысында мектеп директоры ретінде сөз сөйлеп, барша қатысушыларды білім күнімен құттықтадым, жаңа оқу жылына сәттілік тіледім.
Салтанатты шарада биылғы оқу жылында мектеп табалдырығын аттаған 1-класс оқушыларына алғашқы кітап – “ӘЛІППЕ” оқулығы заманауи тосынсыймен табысталды.
1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІМЕН барша оқырмандарды құттықтаймын! Жаңа оқу жылында шығармашылық жаңа табыстар мен биік белестер тілеймін!