Халықаралық отбасы күніне орай, мектебімізде, Қарғалы ауруханасының арнайы мамандары, СӨС қалыптастыру дәрігері – Жамбылбаева Ә.А. және мейірбике С.Ж. Кульманованың қатысуымен “Әкем, анам және мен” атты спорттық сайыс өткен болатын. Іс – шараның негізгі мақсаты: эстафеталық жарыс ұйымдастыру арқылы ата – аналарды мектеп өміріне араластыру. Оқушылармен олардың ата-аналарын салауатты өмір сүруге шақыру. Сондай – ақ отбасы күнін насихаттай отырып, жанұя үндестігін және балалардың спортқа деген икемділігі мен шымырлығын шыңдап, оларды достыққа тәрбиелеу. Бес турдан тұратын жарысқа 3 – класс оқушылар мен ата-аналары белсене қатысып, өзара бақ сынасты.
Нәтижесінде: 1-орын “Қыран” тобы 3 “А, Ә, Б” кластары.
2-орын “Болашақ” тобы 3 “В, Г, Ғ” және “Сұңқар” тобы 3 “Д, Е, Ж” кластары. 3-орынды “Тұлпар” 3 “З, И, К” және “Спорт” 3 “М, Н, О” кластары өзара бөлісті. Сонымен қатар, жүлделі орын алған командаларға l, ll, lll дәрежелі дипломдармен естелік сыйлықтар табысталды. Жарысты ұйымдаструға ат салысқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Көбейсін Ә.К., Тубирова А.Е., Әнди Ә.Е.
Мақала авторы: Тубирова А.Е.