"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ГҮЛДЕР ФЕСТИВАЛІ»

Қаламыздың Абай атындағы орталық саябағында ГҮЛДЕР ФЕСТИВАЛІ өтті.

Дәстүрге айналып келе жатқан әсемдік фестиваліне 250 қатысушының арасында біздің мектебіміз де болды.

Мектебіміз ұсынған “ҮЗДІК ҰЖЫМДЫҚ ЖҰМЫС” номинациясында қолданған әртүрлі гүл шоқтарын отырғызуға және оларды баптап өсіруге атсалысқан мектебіміздің ата-аналары мен оқушыларына және ұжым мүшелеріне АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!

Гүлдер фестиваліне ұсынған жұмысымызда Дінмұхамед Қонаев атамыздың портретінен тосынсый жасалып, тамашалауға келген қонақтарға тірі гүлшоқтары сыйға таратылды.

Қаламыздың гүлденуіне және оларға деген экомәдениеттің қалыптасуына атсалысып, осындай фестиваль өткізген ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз.