"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Мектептің тәрбие бөлімі оқушылардың тек тәртібі жөнінде ғана емес,  олардың өмір қауіпсіздігін де басты назарда ұстайды.

Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министрлігі ағымдағы жылдың қыркүйек айында мемлекеттік және жеке мектептерде оқу-жаттығу ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Жоспарды жүзеге асыру мақсатында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында білім беру обьектісін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритм бойынша оқу-жаттығу өткізілді:

мектеп персоналына, соның ішінде күзет ұйымы алгоритмге сәйкес нұсқау беру;

алгоритмге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру;

қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру;

техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамера) жұмыс істеуін және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымының жедел әрекет етуін тексеру.

Осы алгоритмдерді жүзеге асыру барысында мектебімізде ДТІЖО Н.О.Шуренбаев пен АӘД пәні мұғалімі Б. Мұқаштың қатысуымен мектеп оқушыларына арналған нұсқау беру жиналысы болып өтті.