"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Президенттік олимпиаданың жүлдегері

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы негізінде Ақтөбе облысы бойынша ұйымдастырылған президенттік олимпиадада өңірлік кезеңінде жақсы нәтиже көрсекені үшін Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы эалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 11 “А” класс оқушысы Құрманбаев Анет 3 орынмен марапатталады.

Президенттік олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері:

      1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

      2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

      3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Жетекшілері химия пәні мұғалімі Тажмағанбетова М.Ж, биология пәні мұғалімі Исенбаева А.Б