"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Кітапты таңдай және оқи білеміз бе? (кітапханалық сабақ)

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік»,-  деген екен Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өміріне жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі.

Мектеп кітапханасында 2 «Д» сынып оқушыларына «Кітапты таңдай және оқи білеміз бе?» атты кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты: Мектеп оқушыларына кітап туралы ақпарат беру және кітап оқуға баулу.

Кітапханалық сабақта оқушыларға ең алдымен кітапханадағы жалпы ережелер түсіндірілді. Мектеп оқушылары өздерінің кітапханаға қатысты сұрақтарына жауап алды. Сабақтың соңы «Мақалды жалғастыр», «Жұмбақты шеш» тапсырмалары арқылы қорытындыланды.