"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Олимпиада 2023

2023 жылдың 30-31 қазан күндері пәндік олимпиаданың мектепішілік кезеңіне 9-11 кластардан 13 пән бойынша 230 оқушы қатысты. 2 күн қатарынан өткізілген олимпиада қорытындысы бойынша 109 оқушы 1-2-3  орындарға ие болып, кешегі күні салтанатты сахна төрінде марапатталды.

Әр жеңімпаз үшін арнайы дайындалған медальдар мен дипломдар білімімен озып шыққан оқушыларға табысталды. Сонымен қатар, биылғы олимпиадада 9-11 кластар бойынша қатысушылардың жүлделі орындар санын баллдық жүйемен есептей келе, ҮЗДІК ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМАНДАЛАР анықталды:
1 орын 11 «Б» класы, жетекшісі Карабасова А.Е. (39 балл)
2 орын 11 «Ә» класы, жетекшісі Кеулова А.М. (34 балл)
3 орын 10 «В» класы, жетекшісі Қанаева Б.Е. (29 балл)
3 орын 10 «А» класы, жетекшісі Ержанов Ш.Е. (28 балл)
3 орын 10 «Г» класы, жетекшісі Дуйсенбина Г.Ш. (28 балл)

Әр пән бойынша 1-орын алған жеңімпаздар алдағы уақыттарда болатын олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысып, мектеп намысын қорғайтын болады.
Олимпиада жеңімпаздарына келесі сайыстарда сәттілік тілейміз