"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

« Мамандық – өмір таңдауы »

   Болашақта адам баласы өзін – өзі дамыту үшін жоғары білім алып, сол біліміне сәйкес мамандыққа лайық болу керек.

Біздің қазіргі таңда істеп жатқан жұмысымыз,яғни мамандығымыз адам өміріне өте қажет,себебі көптеген адамдар кейбір дыбыстарды дұрыс айта алмайды, ал логопед оларға дұрыс және нақты сөйлеуге көмектеседі. Әр логопедтің жұмысы шыдамдылықты қажет етеді.Біз жыл сайын тек мұғалімдер үшін ғана емес, сонымен бірге ата-аналардың өздері де түсінуді қажет ететін балалармен кездесемін. Біздің жұмысымыздың маңызды сәті – баламен қарым-қатынастың алғашқы күндерінде жағымды эмоционалды байланыс орнату. Алынған білім жағымды эмоциялармен бірге өмір бойы жадымызда қалады.

Дыбысты қою процесі кем дегенде 5-6 ай уақытты алады, ал егерде тым қиын балалармен жұмыс жасау керек болса, бір жылға созылуы мүмкін. Логопедтің жұмысы оңай болып көрінгенмен, теориялық дайындықты, бірінші кезекте сөйлеу дыбысын келтіру тетігін және сөйлеу патофизиологиясын білуді талап етеді.Жалпы логопед маманы тіл кемістігі бар яғни белгілі бір дыбысты дұрыс айта алмау, тұтығу секілді балалармен де, ересектермен де жұмыс істейді. Алдымен, маман тіл кемістігінің себебін анықтайды. Ол үшін ауыз қуысындағы сөйлеу аппаратының қалай орналасуын, дыбыстардың қалай шығатынын, дауысы қалай шығып тұрғанын білуі қажет. Логопед маманы әр адамға өз бетінше пайдалы жаттығулармен жұмыс жүргізеді.Осы жұмыстың барлығына жарты жыл немесе одан да көп уақыт кетеді.Бір дыбысты дұрыс айтқанда немесе қиын сөзді айтып үйренсе ол адам өзін бақытты сезініп, мақтаныш сезімі оны ұялатады. Дәл осындай кішкентай жеңістерден логопед-мұғалімнің жұмысы бағаланады. Біз оқушылардың ата-аналарымен жұмыс жасауға үлкен мән береміз. Тек ата-ананың назары, шыдамдылығы, қолдауы, балалардың жетістіктеріне қызығушылығы – бұл логопед жұмысындағы маңызды мотивациялық компонент.

Логопедке балалармен жиі жұмыс істеуге тура келетіндіктен, олармен ортақ тіл табыса білуі маңызды. Логопед маманның есте сақтау қабілеті жақсы болуы қажет,себебі ол барлық жаңылтпаштарды, өлеңдерді, сөйлеу машықтарына арналған жаттығуларды жақсы есте сақтауы тиіс.Өте шыдамды болуға машықтану қажет, себебі адамды қысқа уақытта дұрыс сөйлеуге үйрету мүмкін емес. Сөйлеу ақауын жою үшін логопед оның пайда болу себебін анықтауы қажет. Бұл ретте оған адамның даму деңгейіне: ол қаншалықты сауатты, оның сөздік қоры қандай дәрежеде бай екендігіне тағы да көңіл бөлу керек. Білікті логопед маманы адам сөйлегенде ерін мен тілдің дұрыс орналасқандығы туралы бәрін біледі,оған дұрыс сөйлетуге арналған жаттығулар мен жаңылтпаштар да белгілі-адамдармен жұмыс жасаған кезде ол өз дағдыларын белсене қолданады. Логопед жүргізетін сабақ жеке (бір адаммен) де, топпен де өткізілуі мүмкін. В.Солухиннің нақыл сөзінде: « Жан дүниесі күлімсірей алмаса, қатып қалады ».-деген.Күн сайын таңертең біз «Күлімсіреу» негізгі артикуляциялық жаттығудан бастаймыз: өзіңізге күліңіз, басқаларға күліңіз, сонда әлем сізге күледі.

Әр адамның өзіндік бір арманы болады.Көп армандаған адам болашақта арманына жете алады. Мамандықпен өнерді ол өз қалауымен таңдап алады.Мамандықтың түрі өте көп. Мысалы: әнші халық алдына шығып ән салады. Дәрігер адам өмірінің арашасы. Ұстаз шәкірттерді білімге шақырады. Мамандық таңдауда адамның психологиялық ерекшеліктері мен болашақ жұмысының мазмұны арасындағы байланыс маңызды рөл атқарады. Логопед мамандығы айналадағы адамдарға деген шынайы көзқарасты, адалдықты, кеңпейілдікті қажет етеді. Себебі сенің алдында әртүрлі диагноздағы балалар отырады.

«Адамның бақыты- балада» деген екен.Мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді.Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы тәрбие берсе, ол да өз ата-анасына қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.Логопедтің тұлғасы сан қырлы. Ол кәсіби құзіреттілікті, сөйлеу этикетін, тұлға аралық қарым-қатынас мәдениетін, шыдамдылықты, достық пен тапқырлықты жинақтайды.

Мамандық тандағанда қателестік пе? – Біз сенімдіміз: егер балалар біздің сабақтарымызға қатысуға қуанышты болса, демек біз бәрін дұрыс жасадық деген ой. Логопед мамандығы мақтан тұтатын керемет мамандық! Бір жағынан, бұл күнделікті ауыртпалықты жұмыс, екінші жағынан бұл жұмыс нәтижесінің қуанышты сәттері өте көп.

 Мектеп логопедтері:        Байтохина Ж.Т

                                            Игібаева Н.С