"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мукатова А.

«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы»

Ақтөбе қаласы

Аннотация: Мақалада психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері туралы айтылады.

Түйін сөздер: сөйлеу тілі, психикалық дамуы тежелген балалар, тіл кемістіктері, тілдің бұзылуы.

 Қазіргі таңда қалыпты жағдайда кездесетін тіл кемістігінің барлық түрлері  психикалық дамуы тежелген балаларда байқалады. Мектепке дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық жағын зерттеген Г.Г.Голубеваның айтуынша, балалардың дыбыс айтуының полиморфты бұзылу түрлері басым болып келеді, дыбыс айтуы бұзылған балалардың  дыбыстардың фонетикалық топтар саны үштен асады [1].

Бірінші топқа:  сонорлы Р және Л дыбыстардың айтылу кемістіктері, одан кейін ысқырық және ызың дыбыстарды айтуының бұзылуын көрсетеді. Дыбыс айтудың бұзылуының айтуы  ішінде дыбыстардың шатасуы көбірек кездеседі. Психикалық дамуы тежелген балалардағы дыбыс айтуының бұзылуы есту-сөйлеу және сөйлеу-қозғалыс жүйесінің  жұмысы мен өзара байланысының бұзылу деңгейіне қатысы бар. Мысалы, ПДТ балалардың дыбыс айтуының бұзылу механизмдері мен көрініс деңгейлері тіл кемістігінің дизартрия немесе дислалия болуына қарай әр түрлі болатыны белгілі. Дизартрияға шалдыққан ПДТ балаларда, ең алдымен, артикуляциялық күрделі жаттығуларды талап ететін дыбыстардың (Р, Л, Ш, Ж, Қ, Ғ) айтылу бұзылыстарын байқалады. Балалар ол дыбыстарды артикуляциясы оңайырақ  жасалатын дыбыстарға алмастырады, бүйірлік және тіс аралық айтылу түрлері бойынша бұрмалайды немесе мүлдем айтпайды. Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде дыбыстарды алмастыру ерекше орынға ие. Соның ішінде ең көп кездесетіні  ысқырық және ызың дыбыстарды алмастыру. Бір дыбысты басқамен алмастыру тұрақтылығы байқалады, оның себебі дыбысты естуі нақты емес, сөйлеу, есту, талдау және жинақтаудың толық қалыптаспауы салдарынан балаларда дыбыс алмастыру көптеп кездеседі.  [2].

Артикуляциялық моториканың бұзылу күрделігі фонематикалық қабылдаудың бұзылуына алып келеді, бұл дыбыс айтуының бұзылыстарын одан әрі күйшейте түседі. Ал дислалиясы бар ПДТ балалардың дыбыс айтылуындағы бұзылыстары, Г.Г.Голубеваның зерттеулері бойынша, келесідегідей: артикуляциясы қиындау дыбыстарды еріндік-тістік және тіс төңіректік айтылу түрлері бойынша бұрмалау, артикуляциясы оңайырақ жасалатын дыбыстарға алмастыру (Ш, З – С), артикуляциялық сипаттары жақын дыбыстарды шатастыру (С—Ш, 3— Ж, Л—Л’ Р—Л). Дислалиясы бар ПДТ балалардың дыбыс айтуының негізіне фонематикалық есту қабілетінің жетілмеуі мен артикуляциялық ажырату қабілеттілігінің дамымауын жатқызуға болады [3].

Мектепке дейінгі психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілі кемістіктер қатарында сөйлеу тілінің просодикалық жағының бұзылуы да кездеседі. Ғылыми мәліметтер бойынша, бұл категориядағы балалардың просодикалық жағының бұзылуы барлық компоненттеріне қатысты, яғни балаларда сөйлеу тілінің мәнерлілігі, екпіндігі, динамикасы, қарқыны, ырғақтылығы, модуляциясы және т.б. бұзылған (З.Матейова, С.Мащура, А.Г.Рохмилевич, Е.В.Оганесян, Л.З.Арутюнян, Л.И.Белякова, И.З.Романчук). Балалар түрлі темпте айтылған сөйлемдерді ажырата алмайды, белгілі мәнерлікті қайталап көрсетуге де және өз бетінше қайталауда да қиындыққа тап болады.

Психикалық дамудың тежелген балалар арасында сөйлеу тілі бұзылыстарының таралған сипаты «спецификалық ассимиляция»: бала артикуляциясы және дыбысталуы бойынша жуық дыбыстардан қүралған сөзді дұрыс айта алмау. Балалар дыбыстарды естіп ажыратуда қиналады, сөзді қабылдауы және ритмін қайталауы бұзылған. Дыбыстық талдау мен жинақтау бұзылыстары тұрақты болады. Психикалық дамуы тежелегн балалар сөздегі дыбыстардың кезектілігін, санын белгілеу, сөздегі дыбыстардың орнын сәйкестендіруде  қиындықтарға ұшырайды [4].

Н.Ю.Борякова, В.А.Гончарова, О.В.Шичанина, С.Г.Шевченконың зерттеулері бойынша  ПДТ бастауыш сынып оқушылардың жалпылау ұғымдарының қалыптасу деңгейі мен ерекшеліктерін келесідей көрсеткен. Заттардың нақты атаулары «ойыншықтар», «ыдыс» және «киім» деген ұғымдарға ғана толығырақ анықтама  береді, ал «азық-түлік», «құстар», «жәндіктер», «гүлдер», «саңырауқұлақтар», «оқу заттары», «ағаштар», «балық», «жануарлар», «көкөніс» және т.б. жалпылау ұғымдары бойынша балалардың сөздерді атауы жеткіліксіз болды. Н.Ю.Борякова ПДТ балалардың жалпылау ұғымдарын жай ұғымдардан ажыратуда жіберетін қателерінің үш негізгі түрлерін көрсеткен: 1) жалпылау ұғымына оған байланысты емес жай ұғымдарды қосу; 2) ұғымдарды шатастыру; 3) жалпылау ұғымына жататын жай ұғымдарды мүлде атамау. Олардың ішінен көбірек қиындық туғызған ұғымдар – адамның іс-әрекетіне байланысты жалпылау ұғымдар болды. Қателердің келесі түрлері байқалды: 1) жалпылау ұғымын атамау; 2) жалпы ұғымды басқасымен алмастыру (жай ұғыммен, анықтамасымен); 3) жалпылау ұғымын дұрыс қолданбау; 4) жалпылау ұғымын көрсетілген заттардың орналасу жағдайына байланысты сөзбен алмастыру. Жалпылауға қарағанда балалардың нақтылау операцияларын жасауында айтарлықтай кемшіліктері байқалмады. Мысалы, оқушылар спорттық бұйымдарына жататын заттарды дұрыс атайды, бірақ оларды бір сөзбен жалпылауға қиналады. Сонда, жалпылау ұғымы балалардың импрессивті сөйлеуінде бар, бірақ олар белсенді сөздік қорына енбегені мәлім. Осындай фактілердің негізінде авторлар ПДТ бастауыш сынып оқушылардың белсенді сөздік қорындағы көп сөздердің мағынасы нақты, ал жалпы мағынасы бар сөздердің көлемі аздау [5].

ПДТ балалардың сөйлеу тілі антоним және синоним сөздердің  жеткілікті түрде қалыптаспағанымен ерекшеленеді. Е.В.Мальцеваның мәліметтері бойынша, ПДТ балалар антонимдерден гөрі, синонимдерді табуға қиналады. ПДТ балалар антонимдерді жақсы білетін сөздермен тез табады (үлкен – кіші, суық – жылы), ал сирек қолданатын сөздерге антонимдерді мүлдем таппайды немесе көп қателерді жібереді, мысалы: басқа сөзді айту немесе болымсыздық шылауды қолдану (тігу-жапсыру, келу-келмеу). Ал синонимдерді табуда балалардың жіберетін қателері: синонимнің орнына антонимді айтуында (қуаныш-қайғы) немесе басқа сөз табын атайды (қуаныш-қуанышты) [6,7]. Сонымен, ПДТ балаларға келесі лексикалық бұзылыстар тән: сөздік қорының кедейлігі, сөздің атауы мен мағынасының сәйкес келмеуі, жалпылау ұғымдардың толық қалыптаспауы мен дұрыс қолданбауы, антоним және синоним құралдарының жеткілікті дамымауы [8].

ПДТ балалардың сөйлеу тілінде сөйлемдердің жай конструкциялары көбірек. Жайылма сөйлемдерді қолданғанда балалар сөздердің орнын бұзып, оған стреотипті, керек емес  сөз тіркестерін қосады. ПДТ балаларда байланыстырып сөйлеуінің логикалық құрылымы бұзылған. Екіншілік бөліктерде тоқталып, маңызды логикалық бөлікті тастап кету, жағдайлардың кезектілігін айту бұзылыстары, бір тақырыптан екіншіге көшіп кету көп  байқалады. ПДТ балалардың жазуында спецификалық қателер кезедеседі. Пайда болу себептерін ескеріп оларды топтарға бөлуге болады. Олар дыбыс айту және фонематикалық қабылдаудың қалыптаспауынан болған қателер; дыбыстық талдаудың дамымауымен байланысты; сөйлеу тілінің лексика – грамматикалық жағының жеткіліксіз дамуымен байланысты; кеңістіктік түсініктерінің жетілмеуі; ұсақ қол  моторикасының дамымуына  байланысты қателер, т.б. ПДТ балалардың сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктері бір қалыпты емес: бір балада фонетикалық-фонематикалық бұзылыстар, екіншілерінде лексикалық-грамматикалық бұзылыстар кездеседі[9].

ПДТ балалармен түзету-логопедиялық жұмыс кешенді, сонымен қатар ажырата ықпал ету сипатта жүргізіледі. Ажырата логопедиялық ықпал етуде баланың клиникалық сипаттамасы, жеке психикалық ерекшеліктері, жұмыс істеу қабілеті, сөйлеу тілінің бұзылу механизмі және деңгейі ескеріледі.

Түзету жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

– талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау ойлау жүйелерін дамыту;

– көріп қабылдауын, талдауын, көріп жадында сақтауын дамыту;

– кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру;

– естіп қабылдауын, зейінін, естіп жадында сақтауын дамыту;

– қолдың ұсақ моторикасының және артикуляциялық  бұзылуын түзету;

– сөздік қорын дамыту (сөздік қорын молайту, сөздің мағынасын анықтау, лексикалық жүйені қалыптастыру, сөздердің арасындағы байланысты бекіту):

– тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесін қалыптастыру;

– фонематикалық талдауды, жинақтауды, түсініктерді дамыту;

– сөйлем құрылымын талдауды қалыптастыру;

– сөйлеудің коммуникативтік, танымдық және реттеуші функциясын дамыту.

ПДТ тежелген балалармен көптеген түзете-дамыту жұмыс барысында әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолдану керек. Осы орайда ПДТ балалармен тек қана түзете-дамыту жұмыстары емес , сонымен қатар тәрбиелеу жұмысатрынада көп мән берілуі керек. Соның ішінде отбасылық тәрбие, эстетикалық тәрбие, дене тәрбиесі және музыкалық тәрбие.  Осы жұмыстардың барлығы кешенді жүргізілсе, ПДТ балаларды нәтижеге тезірек жетуге болады.

Пайдаланылған әдебиет тізімі:

1.Зеленина Н. Ю. Стандартизованное наблюдение в изучении проявлений самоотношения у дошкольников с различными нарушениями в развитии // Дефектология. – 2007. – № 6. – С. 21 – 27.

2. Ковшиков В.А. Исправление нарушений различных звуков Спб. 1995.         

3. Голубева Г.Г. Нарушения фонетической стороны речи у дошкольников с ЗПР // Логопед в детском саду. – 2006. – № 4.

4. Голубева Г.Г. Нарушение звукослоговой структуры слова у дошкольников с задержкой психического развития // Логопедия. – 2004. – № 1(3).

5. Китаева Н.Н. К вопросу об особенностях усвоения стечений согласных дошкольниками с задержкой психического развития.

6. Мальцева Е.В. Особенности нарушения речи у детей с задержкой психического развития // Дефектология. – 1990. – №6. – С. 10-18.

7. Подготовка к школе детей с задержкой психического развития. // Под общей ред. С.Г.Шевченко. – М., 2003.

8. Борякова Н. Ю. Исследование лексико-грамматического компонента языка у дошкольников с ЗПР // Логопедия. – 2005. – № 1.

9. Шичанина, О. В. Некоторые особенности объяснения значения слова детьми старшего дошкольного возраста с задержкой психического развития // Дефектология. – 2008. – № 1.