Отбасының құндылықтарын сақтау қажеттілігіне орай бала тәрбиесінде Аналардың орны ерекше екенін насихаттауға бағытталған мектебіміздегі “Зере” Аналар мектебі бұрыннан жұмыс жасап келеді.
Биылғы оқу жылынан бастап Аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында «Даналық мектебі» клубы “Зере” Аналар секциясы ретінде өз жұмысын жалғастыратын болады.
Осы секция бойынша кеше алғашқы отырыс өткізілді
Оған “Зере” Аналар секциясының мүшелері және 1,5-класс оқушыларының Аналары қатыстырылды.
Отырыс психологиялық тренингпен басталып, әртүрлі кеңестер айтылумен, “ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ” тақырыбында Аналардың ойларын ортаға салуымен жалғасты. Сонымен қатар, мектебімізде алдағы уақытта қандай тақырыптар бойынша отырыс ұйымдастыруға болатыны туралы пікірлерімен және бүгінгі отырыстан алған әсерлерімен де бөлісіп, ұсыныс хаттар қалдырды.
Отырыс барысында “Зере” Аналар секциясының жетекшісі Қ.Қ.Мұқамбетжанқызы, мектебіміздің “Әдеп” кеңесінің төрайымы Р.М.Картайқызы, ДТІЖО М.И.Серікқызы сөз сөйлеп, видеоролик те көрсетілді.
Аталған мәселенің барлығы да бала тәрбиесінде үлкен орын алатын өзекті тақырыптар болды.
Қатысқан Аналарымызға бала тәрбиесіне мұқият қарап, оны бірге қалыптастыруға атсалысқандары үшін АЛҒЫС білдіреміз!