Мектебімізде 6- класс оқушылары арасында “Әкімшілік қылмыстық жауапкершілік” тақырыбында танымдық сағат өткізілді. Танымдық сағат мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, жаза түрлерімен таныстыру.
Шара барысында оқушылар “Ұрлық”, “Мектептегі қылмыс”, “ Қоғамдық орындағы қылмыс” сынды тақырыптарға постер қорғады. Танымдық шара барысында Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы 4 қалалық полиция басқармасының кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналдық полиция инспекторы полиция лейтенанты Бекмурзина Ақжүніс Дәуренбекқызы оқушылар арасындағы ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, қазіргі кездегі көкейтесті мәселелердің бірі ұрлық жасамау туралы “Ұрлық түбі-қорлық” екенін айтып өтті. Шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.О.Шуренбаев оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу мен оны болдырмаудың жолдарын түсіндіріп, сақтық шараларын да үнемі есте сақтау керектігін еске салды.