Мектебіміздің 10-11 класс оқушыларына арналған салауатты өмір салтына қол жеткізуге денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі бала құқығын қорғау, жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу, есірткі зияны және кәсіптік бағдар беру мақсатында ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге ҚР ІІМ Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Кәсіби даярлық факультетінің бастығы философия докторы PhD, полиция полковнигі Амангельдиев Дархан Амангельдиевич, осы институттың Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметі кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Хасанова Виктория Валентиновна және институттың қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Минайдаров Сагинтай Мухитович келді. Кездесу барысында өте маңызды ақпараттар мен мамандық таңдау барысында талапкерлерге арналған критерийлер туралы мәлімет берді. Қатысушы оқушылардан кері байланыс ретінде сұрақтар қойып, ж ау абы тыңдалды.