Мектебіміздің 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық оқу-тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес №2 әдістемелік кеңес кеңейтілген құраммен өткізілді. Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүргізілген жеке мектепішілік бақылаудың қорытындысы.
2. 4-кластарда ағылшын тілі пәнінің берілуі туралы мектепішілік бақылаудың анықтамасы.
3. Педагогтердің білімін бағалауға дайындық, сынама тестілеу туралы.
4. Педагогикалық әдеп нормаларын сақтау – қазіргі педагогтің маңызды міндеті.
5. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – адалдыққа қызмет.
6. Әртүрлі мәселелер.
Кеңес барысында көтерілген мәселелер бойынша қаулы қабылданып, атқарылатын жұмыстар нақтыланды.