«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектік бәрі де ақымақшылық» – деп ұлы ақын Абай Құнанбаев айтып кеткендей, білім, ғылым арқылы ұлы жетістіктерге, адам болып қалуға жетелейтіні анық. Қазіргі еліміздің білім бағдарламасындағы жасалынып жатқан реформалар – сапалы, бәсекеге қабілетті, заман ағысына ілесе алатын, білімді жастарды қалыптастыру. Осы жолда біздің ұстаздарымыздың атқаратын істерінің көп екендігі анық. «Ұлттың жоғын ұйықтап жүріп емес, ояу жүріп іздеу керек» – деп ұлт көшбасшысы Әлихан Бөкейханов айтқандай, сол ұлттың мықты болып қалыптасуына, жастардың ояу, білім-ғылым жолында талмай еңбек етуге жетелейтін қазіргі ұстаздардың талмай еңбек ету арқасында болмақ. Сондықтан да алдымызда отырған әрбір шәкірттің білімі, мінезіне жіті мән беріп, артта қалып бара жатқан шәкірттерді қолдау көрсету арқылы жетелеп, көз ілестірмес жылдамдықпен дамып келе жатқан заман ағымына қоса білуіміз керек.
Осы мақсатта 1-тоқсанның қорытындысы негізінде LESSON STUDY зерттеу сабақтарын жоспарлау үшін білім сапасы төмен кластардың пән мұғалімдерімен жұмыс топтары құрылды. Жұмыс топтарының мүшелеріне зерттеу сабақтарын жоспарлау үшін әдістемелік көмек көрсетілді. ҚР педагогтерінің деңгейлі бағдарламаларын іске асыру шеңберінде 1-ші және 2-ші деңгей сертификаттарымен сертификатталған мұғалімдер А.Кужахметова мен А.Сыдыкова жалпы түсінік беріп, зерттеу кезеңдерімен таныстырды. Пән мұғалімдері өздерінің сұрақтарына жауап алды.