"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сауықтыру жаттығулары”

Дені сау ұрпақ – ел ертеңі” атты дене шынықтыру пәні әдістемелік кафедрасы апталығының жоспарына сәйкес “Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сауықтыру жаттығулары” атты 2-6 класс оқушылары арасында сыныптан тыс іс – шара өткізілді

Сыныптан тыс іс – шараның мақсаты:

1. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

2. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

3. Ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында жаттығуларды насихаттау.

Іс шараны дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Көшбаева Б.А мен Алишева Э.М өткізді. Іс-шараға барлығы 12 оқушы қатысты. Оқушылар шара барысында өте жоғары белсенділік танытты. Әлеуметтік педагогтар Назарова Ә.Е және Абдуллина А.Н өткізілген шараға қатысып оқушылардың спортқа деген сүйіспеншілігі мен  ынта жігеріне тәнті болды. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шуренбаев Н.О оқушыларға ыстық лебізін жеткізе отырып, барлық қатысқан оқушыларды марапаттады.