Мектебеміздегі жас класс жетекшілерге әдістемелік-психологиялық қолдау көрсету мақсатында “Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман” тақырыбында жас класс жетекшілер отырысы өтті. Директордың тәрбие ісі жөніңдегі орынбасарлары Н.О Шуренбаев пен И.С Мураталиева класс жетекшілердің атқаратын жұмыстарымен таныстырып, оқушылардың өмір қауіпсіздігіне байланысты бірқатар мәселелерді зерделеді.
9 “Б” класс жетекшісі А.М Мухамбетәзиев өзінің класс жетекшілік тәжірибесімен бөлісіп, жас класс жетекшілерге класс оқушыларымен өткізілетін шаралар туралы мағлұматтар берді.
Мектеп психологтары С.М Жадырасынова “Қиын оқушылармен жұмыстану жолдары” тақырыбында түрлі әдіс-тәсілдермен таныстырды. А.Б Алдамжарова “Сұрақ-жауап” айдары бойынша класс жетекші мен оқушы арасында болатын жағдаяттарды қалай шешу жолдарын класс жетекшілермен бірге талқылады.
А.С Хасенова “Ритмикалық жаттығулар” арқылы оқушылардың қол моторикасын дамытуға, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында өткізілетін жаттығулармен таныстырып, класс жетекшілермен бірге қорытындылады.