2023 жылдың 8 желтоқсан күні мектеп-гимназияда қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Отырыс барысында 2022 – 2023 оқу жылының қорытындылары қаралды. Қамқоршылық кеңес мүшелері жүргізілген жұмыстардың барысын тыңдап, ойларымен бөлісті және баға берді.
Сонымен қатар, отырыстың күн тәртібінде 2024 жылға арналған мектеп бюджетін жүзеге асыру мәселесі талқыланды. 2024 жылға арналған мектеп бюджетін тиімді пайдалану мәселелері бойынша, бірқатар ой-пікірлер ұсынылды.
Осымен қамқоршылық кеңес 2023 жылға арналған барлық жоспарлаған отырыстарын аяқтап, өз жұмысын қорытындылады.