"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Балдаурен балалық шақ»

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. ҚазҰУ-ді бітірген. Тырнақалды өлеңі он бес жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрген. Соғыс жылдарында шығармалары республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрды.

Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шыққан. Жүз сексен әнге өлең жазған. 70 төлтума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақ­та­рын, Ю.Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ.Тоқай, М.Жәлил, Фирдоуси, Х.Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.

Мұззафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай мектеп кітапханасында , «Балдаурен балалық шақ» атты мәнерлеп оқу шеруі өтті. Аталған іс-шараға 2 «Г» сыныбы қатысты. Мәнерлеп оқу шеруінде М. \Әлімбаев туралы бейнебаян көрсетіліп, оқушылар ақынның өлеңдерін оқыды. Шеру Wordwall қосымшасы арқылы сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындыланды.