"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

ТАМАҚТАНУ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ

2023 жылдың 24 қараша күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия жұмысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 235 және “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрықтарына негізделді.

Мониторинг мақсаты: 

Асхананың санитарлық жағдайы;

Азық-түлік сапасын тексеру, тамақты дайындау технологиясын, асхананың тоңазытқыш-технологиялық жабдықтарын, дайын тамақтар мен азық-түліктің сақталу талаптарының орындалуын тексеру;

Асханада санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен шектеу шараларының ұйымдастырылуын қадағалау, оқушылардың тамақтануының ұйымдастырылуы;

Ұсыныс,шағым дәптері тексерілуі;

Тамақ ішетін ыдыстардың тазалығы мен қолданылуы;

Бұл күні оқушыларға берілетін тамақ бекітілген ас мәзіріне сәйкес әзірленген.  Бекітілген мәзір бойынша дайын ас көлемінің тамақ әзірлеуге азықтардың дұрыс салынуы мен дайын ас шығымы өз деңгейінде. Тәуліктік сынама асхана тоңазытқышында бар, сақталу мерзімі қамтамасыз етілген. Аспазшылардың сырт киімдері санитарлық –гигиеналық талапқа сай. Асханада дұрыс тамақтануға байланысты стендтер ілінген, асханаға кіреберісте және тамақтану орнында  қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған дозаторы бар сабын,жеке қағаз сүлгілер, қоқыс контейнерлері бар. Бұлардың барлығы қолжетімді жерде орналасқан. Күнделікті және апталық ас мәзірі салыстырмалы түрде тексерілді. Тамақ ішетін ыдыстары сынбаған,таза.