Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін нығайту мақсатында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 1-4 кластары ата-аналарынан кезекшілік кестесі құрылды. Бекітілген кестеге сәйкес желтоқсан айында белсенді ата-аналар кезекшілік міндетін атқарды. Кезекшілікке келген ата-аналарға мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес кезекшінің міндеттері таныстырылып, күніне екі ауысымда 2 ата-анадан жауапкершілікпен қоғамдық жұмысқа атсалысты.
Күн сайын кезекшілікке келген ата-аналар мектептің ішкі тынысымен етене танысып, мұғалімдердің жұмысын қоса атқарысып, педагогтердің еңбегін көзбен көріп, оқушылардың тәртібін қадағалауда белсенділік танытуда. Бекітілген кезекшілік кестесіне сәйкес 1-11 кластардың ата-аналары жыл бойы аталған жұмысқа тартылатын болады. Ата-аналардың қоғамдық шараларға белсенді араласуы мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас пен бірліктің нығаюына тигізер септігі мол.
@d.konaevmektepgimnaziya
@d.konaev_tarbie_zhumysy
@abzaltazhimishev
@nurbek_orynbasarovich
@tarbie_isi_orinbasary_indira
#біртұтас_тәрбие
#біртұтастәрбие