Үш тілді білім беру – тұлғаны қалыптастырудың негізі. Қазіргі оқу үрдісінде пәндердің мазмұнын кірістіру өзектілігін одан әрі арттырып,осы үрдісті ақпараттық оқыту құралдарымен пән мазмұнына сай жасақталу мәселені шешумен ұштастыру керек етіп отыр. Осы ретте мектебімізде Эксперимент алаңы өтіп жатыр. Қазақ тілі мен орыс тілі және ағылшын тілі пәндерін кіріктіру арқылы материал мазмұнының тереңдігін және оны саналы меңгеруді қамтамасыз ету мақсатында 7 «Г» класында “Smog in the city” атты сабақ өткізілді. Сабақты ағылшын пәні мұғалімі А.А Қобланова ағылшын тілінде бастап, бірнеше тапсырмалар орындатты. Сабақтың келесі бөлімі қазақ тілінде жалғасын тапты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Ж Бозшина оқушылардың өз сыни пікірлері мен ойларын еркін түрде білдіру, айтылым дағдысын қалыптастыру мақсатында «Балық қаңқасы» әдісін пайдаланды. Сабақтың соңғы бөлімін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Ж. Отарбаева орыс тілінде бекіту тапсырмалары мен керібайланыс алып қорытындылады.