"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2023» МАРАФОНЫ

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Үздік жас маман-2023» атты марафонды қорытынды ақтық кезеңі өтті. Шарада «Жас мамандар мектебі» қоғамдастығы мүшелеріне арналған жыл сайынғы дәстүрлі «Үздік жас маман» мектепішілік байқау-марафонының нәтижесі қорытындыланды.

Байқау-марафонға педагогикалық еңбек өтілі 5 жылды құрайтын мектептің жас мамандары қатысты. Әр кезең бойынша «үздік» деп танылғандар келесі кезеңге өткізіліп отырды.Байқау-марафонға қатысым барысында жас мамандардың әрбір іс-әрекетінде педагогикалық шеберлігі мен эстетикалық тәрбие мәні бар сәттердің болуы, жас мамандардан құрылған микротоптар арасында оң көзқарастың (жағымды ахуалдағы) өзара әрекеттестігі (ынтымақтастығы) жүйесінің болуы, жас мамандар іс-тәжірибе алмасуының ақпараттық ашықтығы (бейне материалдардың YouTube және Instagram арналарында, сонымен қатар БАҚ-та жариялануы) ескерілген. Жас мамандардың жұмысы бойынша  еңбектері бағаланды.

Кеш соңында сөз алған мектеп басшысы ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап алған жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу, жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі, жас маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау, үздіксіз білім алуға деген қажеттілік пен ынталандыруды дамыту бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да тоқтамайтындығын атап өтті.