Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.О.Шуренбаев және мектеп жанынан ер мұғалімдерден құралған “Тәртіп сақшылары” жасағы рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Олар мектеп маңында орналасқан дүкендерді, ойынханаларды аралап, кәмелет жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және табак өнімдерін сату бойынша заңнаманы бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Заңда белгіленген талаптарды орындамайтын азаматтар заң аясында әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын жеткізді.
Мұндай бақылау- рейд жұмыстары тек балаларды бақылаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, балаларға қауіп төндіретін тараптарды да анықтай алады.
Осы орайда аудан тұрғындарына болған жайтқа байланысты, балаларға өте мұқият болуды қатаң түрде ескертеді.
Егер, балалардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайттарды байқасаңыздар, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.О.Шуренбаевқа байланысуға болады.
+7 778 233 4545