"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Әкелерімізбен сенбілікте

Қар еріп, күн жылынып, мектеп ауласын қар мен мұздан тазарту жұмыстарына атсалысуға кеше осы парақшада ата-аналарға үндеу жариялаған болатынмын. Соның нәтижесінде мектеп ауласында бүгін ҮЛКЕН ІС ТЫНДЫРДЫҚ.
Оған мектебіміздің 1-8 класс ӘКЕЛЕРІ АТСАЛЫСТЫ.
Бастаған іске бірден жұмыла кірісіп, ерікті түрде арықтар мен көшеттерді, мектеп ауласындағы үйінді қар мен мұздарды тазалап, арықтар мен олардың жолдарында қатқан мұздықтарды оюға қол ұшын берген барша Әкелерге мектеп басшысы ретінде АЛҒЫС АЙТАМЫН.
Бұндай ауызбіршілік пен ынтымақтастықта жасалған жұмыстар істі тындырып қана қоймайды, балаларға, жастарға үлгі , өнеге болып көрінеді.