"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Мейірімділік аймағы»

Қазақстан ЮНЕСКО клубтарының @unescoclubs_kz «Жылды жақсылықпен баста» республикалық акциясын қолдау мақсатында  және ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясының логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог, психолог мамандарының бірлескен «Мейірімділік аймағы» атты іс – шара ұйымдастырылды. Баланы психологиялық-педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне,жан – жақты дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.

Баланың танымын қалыптасытаратын ойын әрекеті болып саналады. Көп педагог – ғалымдардың еңбектерінде: «Ойын баланың жетекші әрекеті» деген сипаттама береді. Өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене  бітімі жағынан дамуынада алға жетелеп, адамгершілік қасиеттерін дамытады.  Аталған іс – шара барысында оқушылар түрлі жаттығулар, көңілді тапсырмалар орындады. Жұмыс барысында қатысушы балалар жоғары белсенділік көрсетіп, сыйлықтарға ие болды.

Ата – аналардың және мұғалімдердің сүйіспеншілікке толы кез келген бастамасы баланың көңілді күлкісімен марапатталатынын тағы да ескертіп айтқымыз келеді.