"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Оқушылардың ой-санасын жетілдір

Оқушылардың ой-санасын жетілдіру, зияткерлік қабілетін дамытуда ауыз әдебиетінің алар орны ерекше. Батырлар жыры балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелесе, шешендік өнер табан астынан сөз тауып айтуға, аталы сөзге тоқтауға үйретеді. Мақал-мәтелдер арқылы сөздік қоры молайса, жұмбақтар арқылы жеткіншектің қиялы өсіп, шыңдалады. Ал айтыс – халықтың көзі.

Көненің көзін ұлықтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде айтыстың алар орны бір төбе. Сол себепті ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін шаралардың үзбей өткізілгені біз үшін аса маңызды. 19 наурыз – Зияткерлік күніне орай өткен шараға қатысқан 7 “Б” сынып оқушылары және домбыра үйірмесінің оқушыларына алғыс білдіреміз.

Гүлдана Мұратқызы

Кітапханашы