Наурыз мерекесін 10 күн бойы тойлау дәстүрге айналуда. Әр күнге атау беріп, айдар тағып, түрлі игі амалдар жасау да үрдіс болды.
Осы мереке қарсаңында мектептің жастары мен оқушыларынан құралған өнерлі тобы Есет батыр ауданы тұрғындары мен ауданға жақын орналасқан мекемелер мен сауда орындарын мерекемен құттықтап барды.
Аталған орындардың көрермендеріне ерекше көңіл күй сыйлап, ән мен жырдан шашу шашты.
Өнерпаз ұжымға ыстық ықыластары мен алғысын білдірген жұртшылық астан ауыз тиіп, батасын берді.