"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Тамақтану сапасына мониторинг

2024 жылдың 18 наурыз күні сағат 9.25 – те Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясы асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы бекіткен Ақтөбе облысы жалпы білім беретін мектептердің жекелеген санаттағы және 1 – 4 сыныптардың барлық оқушыларының тегін ыстық тамағын ұйымдастыруға арналған 2 апталық ас мәзірі бойынша сағат 11.00 – ге дейін «Достық» ботқасы, нан, ірімшік (сыр), тәтті шай, алма берілді. Жұмыс барысында тамақ дайындау технологиясы, дайын өнімнің қабылданған нормаға сәйкестігі, жемістерді жуу процесі қаралды.

Шикізат және тұтынуға дайын тамақ өнімдері үшін бөлек технологиялық және тоңазытқыш жабдығы, өндірістік үстелдер, таңбаланған бөлшектеу мүкәммалы (инвентарь) және ас үй ыдысы толық тексерілді.