"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Қазақстан балалары шексіз әлемде-2024!

«Қазақстан балалары шексіз әлемде!» балалар киносының фестивалі жылда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша өткізіледі.Фестивальдің  мақсаты: үздік классикалық және заманауи өнер үлгілерін игеру және орындау, дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау арқылы білім алушылардың тұлғалық рухани мәдениетін қалыптастыру.

“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен “Қазақстан балалары шексіз әлемде!” балалар киносының республикалық фестивалінде  STOP-MOTION – STOP-MOTION технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма номинациясында монтаждалған видеомен  Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 10 «Г» класс оқушысы Таңат Әләзім “Арманыма сеніммен қадам басамын” атты қысқаметражды фильмін ұсынып, облыстық кезеңде жүлделі 1-дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,  мектеп тәлімгері Ерік Ақмарал Ерікқызы.

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!