"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдер

•        Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық қабілеттерін жетілдіру мақсатында , олардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып түзете дамыту сабақтары өткізіледі. Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың бойындағы кемшіліктерді түзету, жан- жақты жүргізілетін оқу- тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушыларды қоғамдық өмірге бейімдеу, сонымен қатар зейінін қалыптастыру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін және тілдерін дамыту, яғни танымдық қызметін дамытуда оқытушылар және арнайы маман иелері (дефектолог, логопед, психолог т.б) түрлі заманауи технологияларды қолданып келеді. Соның ішінде ең көп кездесетін технологиялардың бірі Монтессори әдісі, ойын терапиясы, арт терапия, құм терапиясы т.б. Сонымен қатар интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

•        Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Баланың барлық психологиялық ерекшеліктері осы ойын әсерінде қалыптасады. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытады да баланың қабілеті, белсенділігі артады.

•        Балалардың ойлауын, қиялын, сөйлеуін дамыту үшін түрлі ойналатын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе, ал екіншісі ойлау қабілетін, үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді. Ойында балалардың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады.

•        М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты – балалардың табиғи мінезін, қабілетін, маманның нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.

Құм терапиясы

тактілі-кинетикалық сезімталдығы мен қолдың ұсақ моторикасын дамытады;

бұлшық етке түскен күшті басады;

бала өзін өзгелердің қорғайтынын сезінеді,

белсенділікті дамытады,

 бала тіліне түсінікті түрде жеткізілетін өмірлік тәжірибені шыңдайды;

 жағымсыз күшті жеңуді үйретіп, көңіл-күй сезімін қалыпқа түсіреді;

 балаға ойынды шынайы өмірмен ұштастыруғамүмкіндік береді.

Болып жатқан жағдайлардың мәнін түсініп, мәселенің шешімін табуға көмектеседі;

«нашар суретші» кешенінің алдын алып, дайын пішіндер арқылы композиция құруға үйретеді;

 шығармашылығы дамиды, сәтті жетістікке жеткізетін өзгеше шешімдер табады;

көру мен кеңістік бағдарын жетілдіріп, тілдік мүмкіндігін шыңдайды;

 сөздік қорын молайтады;

дыбыстық-буындық талдау мен синтездеу дағдысын қалыптастырады;

фонематикалық дыбыс пен қабылдауды дамытады;

 лексикалық-грамматикалық қатынас тілін дамытуға жағдай жасайды;

 әріп үйренуге көмектеседі, жазу мен оқу дағдысын қалыптастырады.

АРТ-ТЕРАПИЯ мүмкіндігі:

– балада когнитивтік дағды қалыптастырады:

– назарды, жадыны және ойлау қабілетін дамытады;

– әдеттегіден өзгеше ракурс арқылы өмірлік тәжірибесін жетілдіреді;

– бейнелі, қимылдық және дыбыстық құралдарды қолдана отырып, қарым-қатынас жасауға үйренеді;

 – өзі және өзгелер риза боларлықтай мәнерлі сөйлеуге дағдыланады;

– құнды, әлеуметтік дағды қалыптастырады;

– жаңа рольдерді меңгеріп, жеке тұлғаның беймәлім қырларын ашып, оны бақылауды үйренеді;

 – өзін-өзі бағалауын көтереді;

– шешім қабылдап үйрену дағдысын жетілдіреді;

 – босаңсу, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімдерге бой алдырмауға көмектеседі;

– бейнелеу өнерімен, әуенмен шұғылданып, шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Мектеп логопедтері:        Байтохина Ж.Т

                                              Игібаева Н.С