Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 11 «Б» класс оқушысы Кәрім Аяулым жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың РЕСПУБЛИКАЛЫҚ кезеңінде «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломымен марапатталды.
Кәрім Аяулым – «Алтын белгіге» үміткер, көптеген жарыстарда үнемі топ жарып жүрген дарынды оқушы:
Бала кезінен қазақ тілі және қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихын сүйіп оқиды. Болашаққа артар үміті өте зор. Арманы – қазақ тілі және қазақ әдебиетінің мықты маманы, педагог болу. Бұл жолда Аяулымның бағындырған белестері, алар асулары аз емес. Аяулымды ғылым жолына бастап, бағыттаушы – педагог-шебер, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Романова Мейрамгүл Картаевна.