"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Ғажайып әлем» облыстық шығармашылық байқауының жеңімпаздары

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы 14-15 наурыз аралығында дарынды балаларды анықтау және қолдау мақсатында «Ғажайып әлем» атты облыстық шығармашылық байқауын өткізді. Байқауға 3-17 жас аралығындағы шәкірттер ерікті түрде, қатыса алады.

Байқаудың негізгі мақсаты: білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолдау және насихаттау.

Байқаудың міндеттері:

  1. Логикалық ойлауды қалыптастыру;
  2. Білім алушылар арасында бейнелеу өнері, технологиясалаларындағы жас таланттарды анықтау, олардың қиялын және көркемдік эстетикалық шығармашылығын дамыту.

Байқауға қойылатын талаптары:

1) кіші жас санаты: 3-6 жас;

2) орта жас санаты: 7-13 жас;

3) жоғары жас санаты: 14-17 жас.

«Сырлы бояу» сурет номинациясына жас ерекшеліктеріне қарай 3 оқушы қатысты.  «Ертегілер еліне саяхат»  – классикалық кескіндеме, сюжеттік композициясы 3-6 жас бойынша 1 «О» класс оқушысы Нуржанов Мадияр ІІІ орын мен марапатталды. «Әлем менің көзіммен» – кескіндеме, графика, сюжеттік композиициясы 7-13 жас  бойынша 5 «И» класс оқушысы Амангелді Мадина ІІІ орын мен марапатталды.  «Менің қиялымдағы  – Қазақстан» авангард және эксперименттік кескіндеме, графика, живопись – 14-17 жас бойынша 11 «Б» класс оқушысы Мақсат Сәбит сертификатпен марапатталды.