"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Қылқалам сыры» облыстық шағармашылық байқауының жеңімпазы-Алдияр!

«Қылқалам сыры» облыстық шағармашылық байқауының жеңімпазы-Алдияр!

2024 жылдың  27  наурыз күні «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы  қазақтың тұңғыш суретшісі Әбілхан Қастеевтің                            120 жылдығына орай «Қылқалам сыры» облыстық шығармашылық байқауын ұйымдастырды.

         Байқаудың мақсаттары мен міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылығын дамытуға жан-жақты ықпал ету;
  • Сурет салу, макет жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, үздік жетістіктерін бағалау;
  • Дарынды балаларға қолдау көрсету.

Шығармашылық байқауына «Сурет салу» номинациясы бойынша  мектебіміздің 11 «Б» класс оқушысы Әбіш Алдияр Әбішұлы «Менің әжем» атты гуашь техникасымен орындаған жұмысын ұсынып жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі «ART VIEW» сурет үйірмесінің мұғалімі Койшебаева Гульнара Дусеновна.

Жетістіктеріңіз құтты болсын!