"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНі”

09.05.2024ж

“9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНі”

9 МАМЫР ЖЕҢІС КҮНІ – бейбітшілік сүйгіш бүкіл елдің мерекесі, жеңімпаз әкелер мен аға буынның және сол ағалар ісін алға апаратын жас буынның қасиетті де қастерлі мерекесі.

Осы орайда аға буынға құрмет көрсету мен ардагерлерді ардақтауды әсіресе, Ұлы Жеңіс мерекесінде ардагерлеріміздің шаңырағына арнайы ат басын бұрып, дидарласуды парыз санаймыз. Бүгінгі мерекеде де мектеп оқушыларымен бірге Ұлы Жеңіс мерекесіне орай тыл ардагерлерінің үйіне барып құттықтадық. Ардагерлеріміздің бейбітшілік орнатуға қосқан үлесі мен соғыстан кейінгі ұзақ жылдар бойы атқарған жемісті еңбегін атап өтіп, бүгінгі ұрпақ атынан алғысымызды білдіріп, сыйлықтар табыстап, ардагер аталарымыздың ақ батасына бөлендік!