"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Үздік оқырмандар марапатталды

Қазіргі уақыт-секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн” деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтпақшы, уақытымыздың алтын бөлігін рухани құндылығымызды байытатын қазынаға бөлгеніміз абзал. Және бұл қағида кітапханамызда ретімен жүзеге асуда.

Бүгін, 17 мамыр күні медиа кітапхана оқу залында “Жыл оқырманы-2024” оқырмандар бенефисі өтті. Жыл бойы кітапханамыздың асыл қазынасынан сусындаған 2-11 сынып аралығындағы кітапты көп оқыған оқырмандар Диплом және Алғыс хаттармен марапатталды. Атап өтер болсақ, 11 «Ә» сынып оқушысы Тулеова Адина, 10 «Б» сынып оқушысы Әндірбаева Назерке, 8 «Қ» сынып оқушысы Дәбитбекқызы  Дидара, 6 «П» сынып оқушысы Мәлікова Назерке, 5 «Б» сынып оқушысы Базарғалиева Жаннұр, 5 «Ғ» сынып оқушысы Дүйсенғалиева Аяна, 5 «К» сынып оқушысы Қайратқызы Аделя, 5
«Р» сынып оқушысы Айтас Алуа, 4 «Ә» сынып оқушысы Ғабит Іңкәр «Ең үздік оқырман» номинациясымен, 4 «Ә» сынып оқушысы Ырғызбек Малика, 3  «Ж» сынып оқушысы Марат Айару, 3 «О» сынып оқушысы Махсот Мадина, 2 «Г» сынып оқушысы Нұрлыбек Наргиз, 2   «П» Кудешова Айым «Ертегілер әлемінің ханшайымы», 4 «Ғ» сынып оқушысы Қанат Сулейман, 4 «Ғ» сынып оқушысы Ғали Дәулетхан, 3 «О» сынып оқушысы Алдрапеков Нұралы, 2 «Р» сынып оқушысы Сұлтан Нұрасыл «Ертегілер әлемінің ханзадасы» номинациясымен, 4 «Ә» сынып оқушысы Қыстаубай Айниса, 7 «Қ» сынып оқушысы Хайрулла Нұрдана, 3 «Е» сынып оқушысы Қожабай Ақбаян, 3 «О» сынып оқушысы Байқазақ Айша бибі, 2 «Ә» сынып оқушысы Баймурзина Інжу «Ең белсенді оқырман» номинациясымен марапатталды.
     Сондай-ақ, шара барысында “Кітап оқудың 8 пайдасы” анимациялық видеоролигі көрсетіліп, “Кім жылдам? интеллектуалдық ойыны ойнатылып, “Кітап емханасы” көрінісі сахналанды.

Жыл бойы ең көп кітап оқыған мұғалімдер мен мамандардың арасынан да үздіктері анықталып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шамшадин Төребек Мұратұлы, технология пәнінің мұғалімі Елеу Құралбек Мұратұлы, тәлімгер Ерік Ақмарал Ерікқызы «Ең үздің оқырман» номинациясымен марапатталды.

Қуаныш Гүлдана Мұратқызы

Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ кітапханашысы.

https://youtu.be/20ClS6xvU3E