"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“БІЛІМІМ-ОТАНЫМА” ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТТАРЫ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 15 мамырдағы тапсырмасына орай бүгін, 24 мамыр күні оқу жылының қорытындылау іс-шаралары 1-8, 10 класс оқушылары арасында “Білімім-Отаныма!” тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаттары арқылы өткізілді.

2023-2024 оқу жылының қорытындысында өткізілген бұл тәрбие сағатының мақсаты балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу болатын.

Барлық класта Әнұранмен басталған тәрбие сағаттарында оқушылар ҚР Оқу-ағарту министрінің жалпыреспубликаның білім алушыларына арналған құттықтау сөзін тыңдап, сынып оқушылары жыл бойы жеткен жетістіктерімен марапатталып, сондай-ақ тәрбие тағылымы бойынша түсірілген бір минуттық видеолармен танысып, оқу жылын ойдағыдай қорытындылады

@aqtobe_bilim_basqarmasy

@aqtobe_bilim_bolimi

@birtutas_tarbie2024

#біртұтас_тәрбие