@d.konaevmektepgimnaziya 9-11 класс түлектерінің “Мектебім, саған мың алғыс” соңғы қоңырау салтанатты жиынына танымал әнші @erkesh.khasen келіп, түлектерді қуантты. Мектеп түлектерінің қуанышын бөлісуге арнайы келген Еркеш Хасен түлектерге әннен шашу шашып, ақ лебізін білдіріп, сәт-сапар тіледі.
Өзіміздің жерлесіміз жаңа өмірге қадам басқалы отырған түлектердің әр ұстаз үшін өз баласындай екенін білдіретін “Қызым” әнін шырқап, жүректі жібітті десек, артық айтқанымыз болмас.
“Жас түлек” сенің әр жеткен жетістігің үшін біз қуанамыз, ата-ана қуанады, ел қуанады.
Осындай қуаныш сыйлаған @erkesh.khasen мектебіміздің мұғалімі @erik.akmaral-дың шақыруымен келіп, оқушыларымызды қуантты. Еркешке осындай тосын сыйы үшін рахметімізді айтамыз!