"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Бала – бақыт, бала – шаттық, бала – нұр”

1 маусым – Балаларды қорғау күніне байланысты “Бала – бақыт, бала – шаттық, бала – нұр” атты мерекелік кеш аталып өтілді.

Осы мереке аясында ауқымды және балалар үшін қызықты қызықты бағдарлама дайындалды. Балалардың барлық хоббилері ескеріліп, ешкім назардан тыс қалмай, әр бала өзіне ең қызықты деген конкурсқа қатысты.

Мереке барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

1 «Бала- бақыт, бала -шаттық, бала -нұр» концерттік бағдарлама;

2 «Кішкентай  флористер» аулада 2-4 класс оқушыларының гүл егуі;

3 «Baby start» (еңбектеп жүрген сәбилер сайысы);

4 «Сүйкімді аспазшылар» (тез дайындалатын тағамдарды жасау);

5 «Жас робототехниктер» (робототехника көрмесі, қолдануды үйрету);

6 «Әлем баланың көзімен» сурет көрмесі  және асфальтта сурет салу;

7 «Балалар – кітап әлемінде» буккросинг

8 «Сиқырлы көпіршіктер»  сабанды көпіршіктер (мыльные пузырьки)

9 «Көңілді старт» спорттық жарыстар

10 Үстел теннисі, шахмат, шашкі, асық ату, бес тас.

“Балаларды қорғау күні”  мерекесі өте көңілді өтті және балаларға жарқын қуаныш, жайдарлы көңіл-күй сыйлады.

Сондай-ақ мерекемен қатар, жазғы мектеп жанындағы “Айналайын” лагерінің ашылуы өтті. Аталған лагерь 3 ауысымда жұмыс істеп, оған 400 оқушы демалуға қамтылатын болады. Лагерь кезеңдері төмендегідей:

1 ауысым – 3 маусымнан 15 маусымға дейін;

2 ауысым -17 маусымнан 1 шілдеге дейін;

3 ауысым -2 шілдеден 16 шілдеге дейін.

Шараға белсене қатысқан барлық балалар марапатталды.Іс-шара соңында балаларға тегін балмұздақ таратылды.

Жазғы лагерьде балаларды көңілді, ойын-сауыққа және қызықты сапарларға толы қызықты демалыс күтеді.