"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Кітапханамыз ЖАҢА оқулықтармен толықты

Кітапхананы тек кітап қоймасы деп қарамай, тұшымды ақпаратты жинайтын мәдени орын деп санайтын оқырмандардың назарына тағыда,тағыда,тағыда кітапханамыз жаңа оқулықтар және көркем әдебиеттермен толықты!

Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ медиа кітапхана оқу залы жаңа кітаптармен толықты. Олардың қатарында балалар әдебиеті, көркем әдебиеттер, психология, экономика, тарих және түрлі мотивациялық кітаптар бар. Атап өту керек, ұлы даланың ұлы ойшылы, дара данышпаны Абайдың сара жолын ақ қағаздың бетіне парақтап, бізге мұра етіп қалдырған Әуезов Мұхтар Омарханұлының «Абай жолы» 2022 жылы «Атамұра» баспасынан жаңа дизайнда басылып шығып, қалың көпшілікке жол тартты. 4 томдық эпопеяның қазақша және орысша нұсқасы, сондай-ақ оқулықтар мен көркем әдебиеттер пән мұғалімдерінің назарына ұсынылды.

Қуаныш Гүлдана Мұратқызы
Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ
кітапханашысы