Бүгін 1 қыркүйек -Білім күні 1-класс оқушылары үшін “Менің Отаным – Қазақстан” тақырыбында класс сағаты өткізілді! Оқушылардың алқашқы класс сағаттарына Жергілікті полиция департаментінің аға инспекторы С.Т.Елеуов қатысып, оқушылардың қауіпсіздігіне басты назар аударып, түсіндіру жұмысын жүргізіп, әр оқушыға қауіпсіздік жөніндегі бояушалар таратып, оны балалар бояп, қауіпсіздік ережелерімен жете танысты.
Білім күніндегі алғашқы сабақта балалар Отан туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырып, еліміздің әсем табиғаты, тарихы және мәдениеті жайлы көптеген қызықты мәліметтермен танысты. Балалар өздерінің туған елге деген сүйіспеншіліктерін суреттер мен өлеңдер арқылы жеткізді. Класс сағаты оқушыларға патриоттық тәрбие берудің маңызды бөлігі ретінде керемет әсер қалдырды!