2024-2025 оқу жылының алғашқы сынып сағаты 2 қыркүйек күні 1-11 кластар аралығында “Менің Отаным – Қазақстан!” тақырыбымен өткізілген болатын. Сынып сағатында оқушылардың бойындағы ұлтжандылық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластықты қалыптастыра отырып, мерекелік көңіл-күйде өтті. Сынып сағаты барысында өз Отаны мен елі туралы бейнебаяндар көрсетіліп, Дінмұхаммед Қонаев туралы да ақпарат алмасты.
Сағаттың соңғы 10 минутында қауіпсіздік шарасы мен ережелерімен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
#біртұтас_тәрбие