"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Мектептегі ішкі тәртіп ережесі және құқықбұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Соңғы уақытта қоғамымызда құқықбұзушылық жағдайларының артуы байқалуда. Құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында 2024 жылдың 7 қыркүйек күні жоспарға сәйкес 9-11 класс оқушыларына арналған “Мектептегі ішкі тәртіп ережесі және құқықбұзушылықтың алдын-алу” тақырыбында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Жиын барысында Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі басшысы, Полиция мойоры Жайлаубаев Нурлан Султангалиевич және Алматы аудандық # 4 ҚПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Полиция капитаны Сапарова Шынар Темирбековна сөз алып, оқушыларға қатысты құқықбұзушылық заңдары мен жасөспірімдер арасында қылмыс, бопсалау, күш көрсету және кешкі мезгілде көшеде жүру жайында оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманғосов Айбек Қайратұлы мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырып, мектеп психологтары Жадырасынова Салтанат Манарбековна және Хасенова Айасыл Сериковна “Буллинг, Зорлық-зомбылықтың алдын-алу” жөнінде мағлұматтармен ақпараттандырып, жадынамалар таратылды.