Мектептің ішкі мәдениетін дамытудың маңызды бағыттарының бірі – бірыңғай мектеп формасына көшу. Оқушылар үшін бірыңғай мектеп формасы – бұл әлеуметтік теңсіздік пен бәсекелестікті болдырмай, тәртіпті нығайтуға көмектесетін, балалар мен жасөспірімдер арасындағы еліктеушіліктің алдын алатын және ата-аналарға қолжетімді заманауи киім үлгісі.
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айында өткен жалпы ата-аналар жиналысында 2024-2025 оқу жылына арналған оқушыларға бірыңғай мектеп формасын жаңарту мәселесі қаралып, бірауыздан қолдау тапқан болатын (№1 хаттама 15.01.2024 ж.).
Құрметті ата-аналар!
2024-2025 оқу жылында Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназияның заманауи мектеп формасы ҚР заңнамасына сәйкес бекітілді:
Ұлдар үшін: қара түсті шалбар, ақ түсті тенниска (ұзын және қысқа жеңді), белгіленген үлгідегі қою қызыл түсті жакет, қою қызыл түсті бомбер.
Қыздар үшін: қара түсті белдемше (тізеден 5 см жоғары болмауы тиіс), ақ түсті тенниска (ұзын және қысқа жеңді), белгіленген үлгідегі қою қызыл түсті жакет, қою қызыл түсті бомбер, екі ақ түсті бантик.
Мектеп формасы ұсынылған дизайнге сәйкес бірыңғай, ыңғайлы және қонымды болуы тиіс.
Қазіргі таңда оқушылар мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың бірауыздан қабылдаған шешімдерінің нәтижесінде 2024-2025 оқу жылын жаңа мектеп формасымен қарсы алды.
Орын алған өзгерістерге байланысты, оның ішінде киімнің сапасы, стиліне қатысты шағымдар келіп түспеді.