«Жазып та көрдім менде өлең,
Жазыпта көрдім қара сөз
Ерте ме, кешпе менде өлем
Өлмейтін тек дана сөз»
Осылай жыр жазып, шығармашылық жолын ақындықпен бастаған Бердібек Соқпақбаев проза жанрында өшпестей із қалдырды. Балалар әдебиетінің классигі атанды. Сөз өнерінің маржанын терген Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың аталық сөзі мен адами болмысын, шығармаларын оқырмандарға насихаттаумақсатында 7 «П» сынып оқушыларымен «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған шарада медиа кітапхана оқу залында сақталған шығармалары таныстырылып, «Жәдігер» көркемфильмі оқырмандар назарына ұсынылды.
Қуаныш Гүлдана Мұратқызы