"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

2024 жылдың 7 тамыз күні Д. Қонаев атындағы мектеп – гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті.

2024 жылдың 7 тамыз күні Д. Қонаев атындағы мектеп – гимназиясының Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіндегі басты мәселе мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету болды. Белгіленген уақыт аралығында ата – аналардан өтінімдермен қоса келіп түскен құжаттармен танысып шықты. Қамқоршылық кеңес әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына қаржылай көмек көрсету туралы шешім қабылдау кезінде  мәселені анықтау, құжаттардың көмек көрсетудің критерийлеріне сәйкестігі сияқты жайттарға аса назар аударды.

Мұндай көмек көрсету арқылы мемлекет және қоғам әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, білім беру қызметтеріне қолжетімділікті арттыруға және жалпы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға ықпал етеді. Қамқоршылық кеңестің осындай жүйелі әрекеттері көмекті қажет ететін оқушыларға тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді және олардың білім алуына қолайлы жағдай жасайды.