"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Мамандық-өмір таңдауы»

      Мамандық таңдау-өте жауапты және маңызды болып табылады. Әр адам ерте ме, кеш пе өз өмірінде «Қандай мамандық иесі боламын?»-деген сұраққа жауап іздейді. Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында. «Мамандық өмір таңдауы» тақырыбында 9 класс оқушыларына психологиялық тренингтер өткізілді.Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар құрғысы келмейді. Біздің мақсатымыз оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.Оқушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, осы салаға деген қалаулары мен қызығушылықтары беки түсті. Мамандық таңдауда әрбір бала өзіндік жүрек қалауымен таңдап, қәзіргі таңда қоғамға қажетті мамандық иесі болуы қажет екені туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.