"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

БОС ПЕДАГОГ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №259 бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.

  1.   Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтынан, мектептің «konaevmektep.edu.kz» ресми сайтынан, мектептің инстаграм «d.konaevmektepgimnaziya»  және фейсбук парақшаларынан көруге болады;
  2. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (22 қарашаға дейін);

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

  • Жоғарыда көрсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, қағаз түрінде алып келеді.

(Ақтөбе қаласы, Нұр Ақтөбе ауданы, Қарғалы т/а 12А), e-mail: konaev@aktgoroo.kz, ұялы телефоны: 71-26-02

2024-2025 оқу жылының 14-21 қараша аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар

Бос лауазым атауыСағат жүктемесіОқу тіліТұрақты/ уақытша орынЖалақысы   
1Ағылшын тілі пәні мұғалімі16 сағатҚазақ тілінде оқытылатын кластар үшінДекрет  орын160 000 тг- 270 000 тг 
2Ағылшын тілі пәні мұғалімі16 сағатҚазақ тілінде оқытылатын кластар үшінДекрет  орын160 000 тг- 270 000 тг 
3Ағылшын тілі пәні мұғалімі18 сағатҚазақ, орыс тілдерінде оқытылатын кластар үшінДекрет  орын160 000 тг- 270 000 тг 
4Ағылшын тілі пәні мұғалімі16 сағатОрыс тілінде оқытылатын кластар үшінДекрет  орын160 000 тг- 270 000 тг  
5Математика пәні мұғалімі20 сағатОрыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты орын160 000 тг- 270 000 тг 
6Көркем еңбек пәні мұғалімі23 сағатОрыс тілінде оқытылатын кластар үшінТұрақты орын160 000 тг- 270 000 тг