Абай шығармалары қай ғасырда болмасын өзінің өзектілігін жойған емес. Абай шығармалары адамзатқа деген берері мол. Абай шығармаларын насихаттау мына біз секілді шәкірттерге парыз. Абай өз заманының ғана емес, болашақтың өзекті мәселелерін қозғай білген, өзінің шығармаларында жырлаған.
Абай мұрасын насихаттау мақсатында мектеп кітапханасыцнда «Абай шығармалары мәңгілік рухани азық» атты «book time» іс-шарасы ұйымдастырылды. Шарада Абай өмірі туралы баяндалып, шығармашылығы талданды. «TARSIA» әдісі арқылы оқушылар сұрақтар мен жауаптарды сәйкестендірді де, «Миллион кімге бұйырады?» ойыны арқылы ақын туралы сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында оқырмандар ақын поэзиясына шолу жасап, шараны қорытындылады.