Мектеп кітапханасында “Толеранттылық әлемге қымбат” атты рухани сағат өткізілді. Рухани сағатқа мектебіміздің 7 “Л” класс оқушылары қатысты.
“Толеранттылық” деп отырғанымыз бұл – өзіндік айырмашылықты, өзгешелікті, ерекшелікті мойындау, басқа түрлерге төзімділікпен қарау, өзге сенімдегі, көзқарастағы, әрекеттегі кісілердің таңдау құқын құрметтеу ережесі.
Шара барасында оқушыларға “Толеранттылық” ұғымының мән – мағынасы түсіндіріліп, жан – жақты талқылау жасалынды. Оқушылар “толеранттылық” ұғымына жататын сөздерді анықтап, олардың мағынасын аша білді.
Шара соңында оқушыларға тапсырма ретінде “Толеранттылық” тақырыбына сурет салу тапсырмасы беріліп, оқушылар өте жақсы деңгейде суреттерін аяқтап шықты және салған суреттерінің астарында қандай ой жатқандығын ауызша дәлелдеп баяндады.