«Айналайын Stars» таланттар байқауы ⭐️

Бүгін «Айналайын» жазғы лагерінде ерекше көңіл-күй сыйлаған «Айналайын Stars» таланттар байқауы өтті. Оқушылар өздерінің ән айту, би билеу, көркем сөз оқу және түрлі шығармашылық қабілеттерін көпшілікке паш етті.

Байқау барысында балалардың өнерге деген қызығушылығы мен сахна мәдениеті көрініс тауып, көрермендер көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Әр қатысушы өз өнерін барынша көрсетіп, жарқын әсер қалдырды.

✨ «Айналайын Stars» – жас таланттардың жұлдызы жанған, қуаныш пен шабытқа толы ерекше күн болды! ✨

#АйналайынЖазғыЛагері #АйналайынStars #БалаларШығармашылығы #ЖазғыДемалыс #ТаланттарБайқауы